Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№59 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№59 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

№59 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта мектептің тарихы

Мектептің қалыптасу кезеңдері
№59 мектептің тарихы жарты ғасырдан астам уақытқа созылады.
Бұл білім ордасы 1952 жылы бастауыш мектеп болып ашылған. Алғашқы жылдары мектепті ұстаз Мейірбеков Байділда ағайымыз басқарды.

1967 жылы мектепке «Ильич» атауы беріліп, толық орта мектеп деңгейіне көтерілді.
1972 жылға дейін училище қызметін атқарып, ауыл балаларына сапалы білім берді.
1972–1977 жылдар аралығында  мектепті Асабаев Құрбан,
1977–1987 жылдары Бәкірходжаев  Саттар,
1987–1994 жылдары Адеев  Абыт ағайымыз басқарды.
Мектептің жаңа кезеңі – Б.Момышұлы атын алу
1993 жылы мектепке ұлт қаһарманы, батыр тұлға Бауыржан Момышұлының есімі берілді.
Бұл – ауыл мектебінің жаңа кезеңі болды. Ел мәдениеті мен рухының символына айналған тұлға атындағы мектепте тәрбие мен білім сапасы арта түсті. Осы жылдар ішінде мектеп Өзбекстан құрамында болып, 1993 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының құрамына өткізілді.
1994–2008 жылдары мектеп директоры – Билалов Дүйсенбай,
2008-2022 жылдары – Сопбеков Жұмабек  ағай басқарды.
2023- қазіргі таңға дейін Ералиев Убайдулла ағайымыз басқарып  келеді.
Мектеп ғимараты және инфрақұрылымы
2009 жылы жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда:
Жалпы жер аумағы – 3 га
Ғимараттың жалпы ауданы – 2900,85 м²
Оқу кабинеттері – 19
Шеберхана – 2
Асхана – 1
Спортзал – 1
Мектеп қазақ тілінде білім береді.
2023-2024 оқу  жылында 6 интеративті тақта берілді 
Заманауи сыныптар, зертханалар, спорттық және шығармашылық үйірмелер оқу сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
2025 жылы мектеп толық жөндеуден өтті.

Мектебіміздің дамуыда қарқынды болды
---

Мектептің дамуына үлес қосқан ұстаздар

Мектеп тарихында еңбек еткен көптеген ұстаздар білім ордасының дамуына өз үлесін қосты.
Атап айтқанда, ардагер ұстаздар: Құбан.Асабаев, Саттар.Бәкірқожаев, Оспан. Адеев, Пахтагүл.Адеева, Несіпкүл Матжанова, Үкібай.Аманов, Гүлбала Адеева, Тәттібаев Құттыбек, Досалиев Ермахан, Сайдалиев Мұстафа,Сопбеков Жұмабек, Төлбасиева Анар, Байзақов Исақ, Асабаев Қосайбек, Қанаева Таза , Қошанова Сұлухан, Биішева Қарашаш, Бектұрғанова Раушан, Қасымбеков Уәжбек, Хидиров Жайлау, Балағазиева Гүлсара, Камалов Қайрат,Усенова Рая, Хидиров Мырзабай,Аманов Сәрсен, Жылқыбаева Бибігүл, Адеева Гүлбайра,Ибадуллаев Сайфулла , Мусалиев Қалдыбек ұстаздарымыз өздерінің кәсіби еңбектерімен ұжымда ерекше із қалдырды.


---

Оқу жетістіктері
Мектеп түлектері жыл сайын аудандық, облыстық және республикалық көрсеткіштерге жетіп келеді.
Мектеп мақтаныштары — ғалымдар мен жоғары лауазым иелері
Мектептен шыққан белгілі азаматтар:
1. Тағаев Аққожа – экономика ғылымдарының кандидаты
2. Сопбеков Жаңабай – Қаржы бақылау департаменті бөлім басшысы
3. Сопбеков Амангелді – Мәслихат депутаты, экономика ғылымдарының докторы
4. Хидиров Кенжалы – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
5. Ботабеков Түмебай – облыстық салық  комитетінің бөлім басшысы
6. Берімұратов Қабылқожа – кәсіпкер, ауданның құрметті азаматы
7. Хидиров Төралы – филология ғылымдарының кандидаты
8. Ерматов Шералы – педагогика ғылымдарының кандидаты
9. Хидиров Азамат – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
Бұл азаматтардың қызметі – мектептің абыройын асқақтататын үлкен жетістік.

Мектебіміздің білім сапасын айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі – оқушыларымыздың жоғары нәтижелері. Бүгінгі күнге дейін №59 Бауыржан Момышұлы атындағы мектебімізден 47 «Алтын» белгі, 38 «Күміс» белгі иегері**, сондай-ақ 32 үздік аттестатқа қол жеткізген түлек қанат қақты.

Бұл жетістіктер – мұғалімдеріміздің үздіксіз еңбегінің, оқушылардың табандылығы мен ата-аналардың қолдауының нақты көрінісі. Әрбір марапат – мектеп тарихының мәртебесін арттыратын үлкен үлес.
Қорытынды

Б.Момышұлы атындағы №59 жалпы орта мектебі – тарихы терең, көптеген қабілетті тұлғаларды тәрбиелеп шығарған іргелі білім ордасы.
Мектеп ұжымы жылдан жылға жаңарып, сапалы білім беруде үлкен жетістіктерге жетіп келеді. Бүгінгі күні мектеп – өзінің тарихымен, ұстаздарымен, түлектерімен мақтанатын, ауылдың рухани орталығына айналған оқу орны.

Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөлімінің «№59 Б.Момышұлы атындағы жалпы  білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

Мектеп директоры

Ералиев Убайдулла Абдирович  сот.: +7 707 520 90 10

2

Ғимараттың салынған жылы

2009 жылы 22 желтоқсанда берілді

3

Ғимараттың түрі, қуаттылығы

Типтік, 320 оқушыға арналған

4

Ғимараттың  қабырғасы

кірпіш

 5

Оқушы саны

МАД топта 16, 1-11 сынып аралығында -436 оқушы  

6

Шатыры

профнастил

7

Терезе

пластик

8

Еден

Дәліз, кіреберіс- кафель, сыныптарда – ламинат төселген

9

Жылы жүйесі

От жағу пешкесі , сұйық отын

10

Ғимараттың  жалпы ауданы

2900,85

11

Ауысымдылығы

2

12

Асхана

60 орындық, 197,6 м2

13

Кітапхана

Оқу залы 16 орын, 52  м2

14

Шеберхана

2 шеберхана (ағаш, тігіншілік)

15

Жалпы оқу  бөлмесі

14

16

Мультимедия    кабинеті

1

17

Компьютер сыныбы

1

18

Интерактивті  тақта

1

19

Интернет  жүйесі

мобильді

20

Компьютерлер 

40

21

Спорт зал

1

22

Спорт  алаңы

Жалпы-1, футбол-4050 м2

23

Медпункт

25,8 м2

24

Акт зал

1

25

Электронды  поштасы

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

26

Мұғалімдер  саны

58

27

Кіші  қызметкерлер саны

27

28

Даярлық топ

1 топ 16

29

Жалпы  бала саны 

МАД тобын қосқанда 452

 

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «№59 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

1

Мектеп директорының м.у.а

Сидиков А.И.  сот.: 87023275072

2

Ғимараттың салынған жылы

2009 жылы 22 желтоқсанда берілді

3

Ғимараттың түрі, қуаттылығы

Типтік, 320 оқушыға арналған

4

Ғимараттың  қабырғасы

кірпіш

 5

Оқушы саны

МАД топта 38, 1-11 сынып аралығында -423 оқушы  

6

Шатыры

профнастил

7

Терезе

пластик

8

Еден

Дәліз, кіреберіс- кафель, сыныптарда – ламинат төселген

9

Жылы жүйесі

От жағу пешкесі , сұйық отын

10

Ғимараттың  жалпы ауданы

2900,85

11

Ауысымдылығы

2

12

Асхана

60 орындық, 197,6 м2

13

Кітапхана

Оқу залы 16 орын, 52  м2

14

Шеберхана

2 шеберхана (ағаш, тігіншілік)

15

Жалпы оқу  бөлмесі

14

16

Мультимедия    кабинеті

1

17

Компьютер сыныбы

1

18

Интерактивті  тақта

1

19

Интернет  жүйесі

мобильді

20

Компьютерлер 

40

21

Спорт зал

1

22

Спорт  алаңы

Жалпы-1, футбол-4050 м2

23

Медпункт

25,8 м2

24

Акт зал

1

25

Электронды  поштасы

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

26

Мұғалімдер  саны

58

27

Кіші  қызметкерлер саны

27

28

Даярлық топ

2 топ 38

29

Жалпы  бала саны 

МАД тобын қосқанда 461